Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қор биржасында доллар құны 257 теңгеге көтерілді

Қор биржасында доллар құны 257 теңгеге көтерілді

Қазіргі кезде 1 доллар құны 257 теңге көлемінде белгіленуде. Алайда сауда әлі жүріп жатқандықтан, соңғы құны бұдан төмен болуы мүмкін. Кеше сарапшылар доллардың орташа бағамы 230 теңге шамасында болуы керек деген пікір білдірген еді.

Естеріңізге сала кетсек, «Halyk Finance» инвестициялық банкінің зерттеу департаментінің директоры Сәбит Хакімжанов «Біз доллар құны 230 теңге болуы қажет деп есептейміз» ,-  деген еді. Ал, бұған дейін девальвация болмайды деп келген экономист Олжас Құдайбергенов те «Бірақ, байқауымша бізге шекаралас елдердің басынан өткергенді кешуге тура келетін секілді. Соңына дейін олай бола қоймас деп үміттенемін», — деген пікір білдірген еді. Сондай-ақ бүгіннен бастап Қазақстан теңгенің еркін айналымына өтті. Енді қазақстандықтарға девальвацияның жаңа толқынын бастап кешуге тура келетін сияқты.

Похожие материалы