Әуежайды қалпына келтіру жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталмақ. Рейстердің кестесін күндіз қалған жұмыстарды бітіруге уақыт болатындай етіп ыңғайлайтын болады. Бұл жөнінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Орал әуежайы 2015 жылдың 10 қазанына дейін ашылатын болады. Жоспарланған жөндеу жұмыстары мерзімін қысқарту туралы шешімді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті мен жөндеу жұмыстарының бас мердігері бірлесіп қабылдаған.
Ұшу уақыттары таңғы және кешкі уақыттарда жүргізіледі. Жарықты ескертетін құрылғыны орнату және ұшып-қону жолағы жұмыстарын аяқтау үшін осындай кесте жасалмақ. Нысанды мемлекеттік қабылдау процедурасы қарашада басталады.
Қазіргі таңда Бас мердігердің тарапынан жолақтарды ұзарту мен кеңейту, жабын жұмыстары жалпы сомасы 6 млрд теңгеге жасалды. Ұшу жолағының орта бөліктері мен жолдың жұмыстарына байланысты әуежай 1 қыркүйектен бастап уақытша жабылған еді. Бастапқыда әуежайды 15 қазаннан кейін ашылады деп жоспарланған еді.