Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталды

БҚО. 8 тамыз. 7kun.kz – Оралда кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірді деген күдікпен екі ер адам ұсталды. іс министр Марат Ахметжановтың бақылауында, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Арнайы операция нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігіне қайта сараланды, онда 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Іс Ішкі істер министрінің бақылауында», - деді ІІМ өкілдері.

БҚО ПД мәліметінше, кәсіпкерді өлтіруге тұрмыстық мәселе басты себеп болған.

«Куәгерлердің айтуынша, кісі өлтіруге басты себеп - жалақының төленбеуіне байланысты туған тұрмыстық жанжал», – делінген БҚО ПД баспасөз хабарламасында.

Күдіктілердің ваххабизм немесе басқа ДРТ (деструктивті діни ағым. – Ред.) жақтаушысы, сондай-ақ радикалды идеяларды таратқаны туралы ақпарат жоқ.

Еске салайық, 6 тамыз күні сағат 20:00 шамасында Оралда 49 жастағы кәсіпкер Еркін Мұханғалиев қалалық мәдениет және демалыс саябағының жанындағы көлік тұрағында қаза тапқан болатын. Бұл аса ауыр қылмысты жасады деген күдікке екі ер адам тартылып, оларды іздеуге БҚО ІІД мен оған қарасты күштердің барлық құрамы жұмылдырылды.

Полицейлер бағдарларды таратып, сонымен қатар күдіктілердің аты-жөндерін атады - 1991 жылы туған Қожантаев Руслан Фархатұлы мен Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлы, 2001 ж.т

https://www.youtube.com/watch?v=K0K88ezI79Q

Похожие материалы