А.К. Мамытбеков 1969 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы – география және биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес бакалавры.
Еңбек жолын 1984 жылы Шымкент облысы Түлкібас ауданының құс фабрикасының электромонтері ретінде бастаған. 1996 жылы Шымкент қалалық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының маманы болып бастап, мемлекеттік қызметке келеді. 2005-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, «Нұр-Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.
2016 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып қызмет етіп келді.