Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Орта Азияда су үшін соғыс болуы мүмкін бе?

Орта Азияда су үшін соғыс болуы мүмкін бе?
Қазанның 12-де ресейлік БАҚ-та "Ресейді су үшін соғысқа тартып жатыр",  "Өзбекстан Қырғызстанмен соғыс бастауға дайын" деген тақырыптағы бірнеше мақалалар пайда болды. Олардың хабарауынша, Қырғызстан мен Тәжікстандағы гидроэлектрстанцияларының (ГЭС) құрылысы "Орталық Азиядағы су үшін соғысқа" әкелуі мүмкін. Барлығы да ортақ дереккөз ретінде Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың баспасөз қызметінің сайтына сілтеме жасайды.  Ресейлік басылымдардың жазуынша, Өзбекстан Қырғызстанда Қамбар ата және Жоғарғы Нарын ГЭС-терінің салынуына қарсы шығып отыр. Азаттықтың Қырғыз редакциясына берген сұхбатында Орта Азия бойынша ресейлік сарапшы Аркадий Дубнов ресейлік БАҚ-тың су ресурстарына қатысты ақпаратты бергенде дереккөзін тексеріс жасамағандығына назар аударады. "Олар Өзбекстан президентінің сайтында жазылған деп хабарлады, бірақ ол жерде ешнәрсе жоқ. Тағы бір БАҚ бұл туралы Каримов Қазақстанға сапары барысында хабарлаған деп жазады. Бірақ 7 қыркүйек күні ол Қазақстанға бармаған. Мұның барлығын редакторлардың кәсіби қателігінен немесе жоғарыдан келген тапсырма деп қабылауға болады. Ал ол сөздерді Өзбекстан президенті 3 жыл бұрын айтқан.  Шындығында тіпті ол су ресурстары қақтығысының тереңдігі туралы және оның шиеленісіп кетуі соғысқа әкелуі мүмкін деген еді", - дейді ол. Айта кетейік, 7 қыркүйекте Қазақстан Президенті Н.Назарбаев солтүстік өңірде іс-сапарда болған еді. "Ферғана" ақпараттық агенттігінің де жазуынша, Ислам Каримовтың бұл мәлімдемесі 2015 жылы емес, 2012 жылы Қазақсанға келгендегі сапары кезінде және басқа мазмұнда айтылған. Ресейлік басылымдар оны қате мерзіммен, басқа көзқараста беріп отыр. Осыншалық өте үлкен дау тудырған және болашақта "соғысқа бастауы мүмкін" деп болжанып отырған  Орта Азиядағы су мәселесі қандай? Орта Азиядағы елдер су ресурстары жөнінен өте тығыз байланыста болғанымен, бір деңгейде таралмаған. Географиялық аумағына орай мемлекеттер трансшекаралық су жүйелерімен (Әмудария және Сырдария) өзара байланысқан. Сарапшылардың айтуынша, Тәжікстан аймағында Арал теңізіне құятын өзендердің 43,4 пайызы, Қырғызстанда 21,5 пайызы орналасқан. Ал Қазақстанға 2,1 пайыз, Өзбекстанға 9,6 пайыз, Түрікменстанға 1,2 пайыз тиесілі. get Өзендердің жоғары бөлігінде орналасқан  елдер суды қысқы (Тәжікстан, Қырғызстан) мерзімде, ал төменгі бөліктегі елдер (Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан) жазғы уақытта көбірек қажет етеді.  Тәжікстан мен Қырғызстан өз аумақтарындағы су ресурстарын гидро-электроэнергия өндіру үшін, ал Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан жер суландыру мақсатында пайдаланады. Бірақ қысқы уақытта су қорын үлкен көлемде пайдаланғанылғандықтан егін маусымы басталғанда төмендегі елдерге жетпей жатады. Сондықтан Түрікменстан, Өзбекстан, Қазақстан елдері әрдайым су қорын көбірек қажет етеді. БҰҰ-ы жариялаған "Су және энергия" туралы есепте Орта Азиядағы су ресурстарының жағдайы баяндалған. Үнемі ауыз суға тапшы елдердің бірі - Қазақстан. Бұл көрсеткіш жөнінен ТМД елдері арасында соңғы орынға ие. Республикада 1 шаршы шақырымға 37 мың шаршы метр су (Қырғызстанда - 258 мың шаршы метр), ал бір адамға жыл сайын 6 мың шаршы метр судан келеді. Ұйымның хабарлауынша, Орта Азиядағы жаңа гидроэнергетикалық жобалар көбінде өзгелердің қажеттілігін есепке алмастан салынады. Ал тұрақты даму үшін энергетика саласына да және су ресурстарын пайдалануға да бірдей көңіл бөлу қажет.

Кімге жетпейді Әмудария?

Су ресурстары туралы өткір дискуссия Тәжікстан мен Өзбекстан арасында орын алды. Өзара қақтығыс 70-жылдары Тәжікстандағы Вахш өзенінде Рогун ГЭС-ін салу туралы шешімнен бастау алған. Кейінірек ол жерде Рогун қаласы пайда болып, 1993 жылы құрылыс тоқтатылды. 2004 жылы елдегі азамат соғысы аяқталып, ел экономикасы қалпына келе бастағаннан кейін қайта жалғасты. [caption id="attachment_24780" align="alignleft" width="240"]pic004 Фото: РИА Новости, Рогун ГЭС-нің құрылысы[/caption] Әмударияның суын қатар ішіп отырған Өзбекстан бұл жобаға наразылығын жасырмайды. Осы үшін Ташкент арнайы АҚШ-тан алдырған мамандар ГЭС жұмысын бастағаннан кейін Өзбекстан жыл сайын 600 млн долларын жоғалтып отырады деген шешім шығарды. Су жетіспеуінен ауыл шаруашылығы қысқарып, ЖІӨ 2 пайызға төмендейді. 300 мыңға жуық адам жұмыссыз қалмақ. Америкалық ғалымдардың зерттеуінше, Әмудария деңгейі жазда 18 пайызға азайып, қысқа 54 пайызға көбейіп отырады. Қарақалпақ, Хорезм және Бұхара облыстарындағы аумақтар құрғақшылыққа ұшырауы мүмкін. Тәжікстандағы демография және экономика институының профессоры Хожимұхаммед Омаровтың сөзінше, Рогун ГЭС-дегі құрылыс жұмыстары әлі де бастапқы кезеңде. Келесі жылы Вахш өзенінің саласын жауып, бөген салу жоспарланып отыр. Болашақта Тәжікстан ЕАЭО-ға кірсе, көрші елдерден келетін қауіптерді төмендету қажет. "Еуразиялық альянс екі мемлекеттік ГЭС-тің құрылысына және басқа гидроэнергетикалық обьектілерді салуға көмектесер еді. Өзбекстан халықаралық сараптамадан өткізуді сұрап отыр. Бірақ Рогун ГЭС-і халықаралық тексерістен өтіп, тәуелсіз сарапшылар тарапынан қолдауға ие болған", - дейді ол.

Сыр бойындағы дау 

Ал 2012 жылы Қырғызстан мен Ресей Қамбар ата және Жоғарғы Нарын ГЭС-терін салу туралы келісімге қол қойды. Бірақ жобаларға қатысты қандай-да бір алға жылжу жоқ. Қырғызстандағы энергетика және өндіріс министрінің орынбасары Айбек Қалиевтің сөзінше, Қамбар ата ГЭБ-інің техникалық-экономикалық негізі әлі дайын емес, кім қаржыландыратындығы да әлі белгісіз. Ал Жоғарғы Нарын үшін ел үкіметі 565 га жер бөлген. Премьер-министр Темір Сариевтің атап өтуінше, жер аумағы бөлінгеннен кейін, қажетті жұмыстар жүргізіліп, "Русгидро" ақша бөлуі қажет. Бұрынғы өндіріс және энергетика министрі Осмонбек Артықбаевтың айтуынша, Қамбар ата ГЭС-ін салу үшін 2,7 млрд доллар қажет. Ал экономикалық дағдарысты бастан кешіріп отырған Ресей үшін қазір бұл қомақты қаржы. [caption id="attachment_24781" align="alignright" width="300"]CDBEC200-47AE-4FEF-A0BC-8EE7B04B8AFF_w640_r1_s_cx0_cy17_cw0 Фото: Азаттық, Қамбар ата ГЭС-нің құрылысы[/caption] Бұл жолы да ГЭС құрылысына Ташкент ресми түрде қарсы шықты. Өзбекстан билігі бұл обьектілердің салынуы өзге елдердің су ресурстарын пайдалануына теріс әсер етеді деп есептеп, БҰҰ-ның халықаралық тексерісі жүргізілуін талап етіп отыр. Ресейдің Қырғызстандағы елшісі Андрей Крутько су ресурстарын өз қалауынша пайдалануы Қырғызстанның заңды құқығы деп мәлімдеді. "Жобаның іске асырылуына Сырдария ағынының төменгі бөлігінде орналасқан Өзбекстан мен Қазақстанның қатысуы да дұрыс болар еді. Жобаға қарсы шыққан елдер келіссөздер үстеліне отырып, ГЭС жұмысын талқылауы қажет", - дейді ол. Дегенмен де И.Каримовтың ашық түрде қарсылық білдіруі Ташкенттің соғыс бастауға деген ниетін білдірмейді. "Бұл - Ресейдің Қырғызстан мен Тәжікстанда ГЭС салуына Ташкенттің алаңдаушылық білдіріп отырғандығын сездіретін формула. Мәскеудің өзі де Өзбекстан қарсы шығып отырғанда ушыққан жағдайды біржақты қыла алмайды", - дейді Орта Азия бойынша ресейлік сарапшы Аркадий Дубнов. Ал Ресейдің қазіргі экономикалық жағдайын есепке алсақ, ГЭС құрылысы туралы жоспар жақын арада орындалады деген сөз де сенім тудырмайды.

Ары қарай не болады?

Бүгінде Арал теңізінің бассейніндегі трансшекаралық өзендер мәселесін реттейтін бірден-бір орган - Мемлекетаралық координациялық су шаруашылығы комиссиясы (МКСК). МКСК тоқсан сайын 5 елдің су шаруашылығы ведомстволары басшыларының деңгейінде отырыс өткізіп, әр ел қанша көлемде су алу қажет деген мәселені шешеді. Бірақ МКСК су бойынша өзара есептеу сұрақтарын шешуге құзырлы емес, ол тек су пайдалану бойынша ұсыныстар айтады. Тек ол ұсыныстар шын мәнінде қолданылмайды. Көп жағдайда  су ресурстарын пайдалануда әрбір ел тек өз мүддесін басым қоятындықтан, саяси жағынан келіспеушіліктер орын алады. Барлығы үшін ортақ шешім қабылдай алатын жаңа механизм болмауы  аталған мәселені шешуде кедергі келтіретін фактор болып тұр. БҰҰ мәліметінше, трансшекаралық өзендерді пайдаланудағы келіспеушіліктен Орта Азия жыл сайын 1,75 млрд долларын жоғалтады.

Похожие материалы