Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Лукашенко: Ортақ валюта енгізу туралы сұрақ талқыланған емес

Лукашенко: Ортақ валюта енгізу туралы сұрақ талқыланған емес

Еуразиялық экономикалық одаққа ортақ валюта енгізу мәселесі бүгінгі күннің сұрағы емес. Бұл туралы  Александр Лукашенко "Блумбергке" берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды Белоруссия президентінің баспасөз қызметі.

"Валюта одағы немесе ортақ валюта қалай жұмыс істейді? Бұл - күн тәртібіндегі ең соңғы сұрақ", - деп есептейді Белоруссия басшысы.

Оның пікірінше, бұл проблеманың айналасында тым көп шу тудырып жіберген.

"Біз үшеуміз Астанада ортақ валюта енгізу қажеттігін талқылағанда, Путин экономикалық жағынан тереңдеп серіктесу үшін ортақ валюта туралы сұраққа міндетті түрде келетіндігімізді айтқан еді. Бәлкім, Еуроодақтың еуросы тәрізді бізде де болар. Бірақ бұл бүгінгі күннің мәселесі емес, - деді Александр Лукашенко. - Путин сарапшылар бұл туралы талқыласа қарсы емессіздер ме деп сұрады. Біз бұл туралы бұрыннан айтып жүрміз, сарапшылар да айта берсін. Бірақ белгілі бір уақытта ортақ валюта енгізу туралы сұрақ нақты талқыланған емес".

"Бұл - біздің одағымызда болуы мүмкін соңғы әрекет. Еуразилық экономикалық одаққа байланысты әлі қаншама мәселелер бар. Алдымен ортақ валюта енгізетін жағдайға жетіп алуымыз қажет", - деп атап өтті Белоруссия президенті.

Оның айтуынша, аталған мәселе ресейлік мамандар тарапынан көтеріліп жатыр. Шындығында, ондай сұрақ қарастырылған да емес.

Похожие материалы