Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевты депутаттық өкілеттігінен айырды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Ұлттық Кеңесінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №1 қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Рахатұлы Әбілдаевтың өкілеттіктерінің күші жойылды деп танылсын», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше Азамат Әбділдаев «Ақ жол» партиясынан шығарылды.
Еске салайық, Азамат Әбілдаев сұхбаттарының бірінде Ресей-Украина арнайы операциясында Ресейді қолдайтынын айтты.