Выбор редактора
"Оскар" трансляциясы кезінде жарнамадан 100 млн доллар табыс түседі
Disney киностудиясына тиесілі АВС арнасындағы киноөнер Академиясының (Оскар) сыйлығын табыстау рәсімін трансляциялау кезіндегі 30 секундтық жарнама құны 1,95 млн доллар құрайды. Жалпы алғанда арна басшылығы жарнама берушілерден 100 млн доллар алуды жоспарлап отыр деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Салтанатты рәсім кезіндегі жарнама беру бағасы 2009 жылдан бері өсіп келеді. Негізі жарнама берушілердің бірі - Samsung смартфон өндірушісі, Hyundai автоконцерні және J.C.Penney ритейлері. Ал АВС 2020 жылға дейін марапаттау рәсімін трансляциялаудың құқығына ие болған.
Осы жылы ең үздік фильм атағына 8 ағылшын тілді картина таласады. Олардың ішінде Ричард Линклейтердің "Бәлдәурені" (Отрочество), УэсАндерсонның " Отель "Гранд Будапешт" фильмі және Алехандро Гонсалес Иньярритудің "Бёрдмен" туындысы бар.