Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қостанай қаласының ардагерлері такси қызметін тегін пайдаланады

Қостанай қаласының ардагерлері такси қызметін тегін пайдаланады

Қостанай. 10 мамыр. 7kun.kz - Қостанай қаласында ҰОС ардагерлері өмірінің соңына дейін такси қызметін тегін пайдалана алады. Бұл туралы Қостанай жаңалықтары сайты хабарлады.

«Ұлы Жеңіс мерекесі аясында Қостанайда "Шектеусіз мерзімде таксиде тегін жол жүру" акциясы басталды, - деп мәлімдеді қала әкімі Базыл Жақыпов.

Базыл Жақыпов аталған қайырымдылық акциясын қолға алған «Такси-CITY» фирмасына алғысын білдірді.

«Мұндай акциялар өткізуде біздің тәжірибеміз бар. Бұған дейін Орал қаласында өткіздік. Сондықтан өз күшімізге сенеміз", - деді «Такси-CITY» фирмасының негізін қалаушы Марат Қайырғалиев.

Похожие материалы