Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қостанай қаласының әкімі орнынан босатылды

Қостанай қаласының әкімі орнынан босатылды

Қостанай қаласының әкімі орнынан босатылды. Бұл туралы Қостанай облысындағы әкімнің баспасөз қызметі  хабарлады.

"Бүгін Қостанай облысы әкімі Нұрал Сәдуақасовтың бұйрығымен Қостанай әкімі Ахметбек Ахметжанов өз еркімен қызметінен кетті", - деп хабарлады облыстық әкімшіліктен. Бос орынға уақытша Қостанай әкімінің орынбасары Қайрат Сандыбеков тағайындалады. А.Ахметжанов 1991 жылы Қостанай облысындағы Жетісу ауданының Сұлукөл шаруашылығында төраға орынбасары болып тағайындалған. 1992-1996 жылдар аралығында облыстың Жетісу ауданындағы Ново-Нежинск совхозының төрағасы қызметін атқарады. 1998 - 1999 жылдары Қостанай облысының салықтық полициясы комитетінің басқармасында жұмыс істеген. 1999 жылдың қаңтарынан 2007 жылға дейін салықтық комитеттің төрағасы қызметінде болды. 2010 жылға дейін Тарановск ауданының әкімі қызметін атқарған. 2010 жылдың қыркүйегінде Қостанай ауданының әкімі ретінде тағайындалды.

Похожие материалы