Қостанай. 27 наурыз. 7kun.kz - Қостанайлық полицейлер ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікпен бірнеше азаматты ұстады. Бұл туралы Sputnik басылымы жазды.
Күдіктілер қылмысқа алдын ала дайындалған: бизнесменнің үйіне көз тігіп, бірнеше күн бойы жүріс-тұрыстарын бақылайды. Сөйтіп, ол жоқ кезде үйін тонайды. Ұрланған қаражат пен алтынның жалпы құны 20 миллион теңге құраған.
Бұл қаражатқа ұсталғандар алтын сатып алып, несиелерін төлеген және автокөлік алған. Полицейлер ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен бірнеше адамды ұстады.