Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Осы уақытта біздің еліміз табысты әрі жан-жақты дамыды - вице-министр Руслан Дәленов

Осы уақытта біздің еліміз табысты әрі жан-жақты дамыды - вице-министр Руслан Дәленов
Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz - 12 желтоқсандағы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы аясында ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Руслан Дәленов биылғы жылдың 11 айында Қазақстан экономикасының 3,9% өсімінің негізгі алғышарттарын атады. 
Руслан Дәленовтың айтуынша, 2017 жылдың алғашқы 11 айындағы экономикалық цифрлар, күтілген межеден асып түскен. "Осы уақытта біздің еліміз табысты әрі жан-жақты дамыды. Барлық салаларда қарқынды даму қамтамасыз етілді. Өнеркәсіптің қарқыны жоғары — өсім 7,3 пайыз құрайды. Ал, өткен жылы құлдырау болған еді. Оған бірнеше негіз бар. Мұнай өндіру мен өңдеу өнеркәсібі жоспардан асып, өсуде. Мысалға, мұнай өндіру бойынша біз 8,3 пайызды өсімді күтсек, қазірдің өзінде өсім 10,9 пайыз. Өңдеу өнеркәсібі бойынша 4,5 пайызға өсімді күтсек, қазір ол 5,2 пайыз",-деді Дәленов. Сонымен қатар, өнеркәсіптің едәуір өсім байқалған ішкі салалары бар. Мысалға, химия өнеркәсібінде ҚР ҰЭМ 1 пайыз өсімді күткен болатын. Нақты 6,2 пайыз шықты. Фармацевтика бойынша бар-жоғы 9,6 пайызға өсім күтілген болса, ол 42 пайызға өсті. Бұдан өзге, Руслан Дәленовтың айтуынша, экономиканың басқа да маңызды салалары жоспарланған өсімді көрсетіп, қарқынды сақтап келеді. Мысалға, табиғи газ өндіру өсімі 10 пайызды құрады, ауыл шаруашылығы 2,3 пайыз, мұнай өңдеу — 5,5 пайыз, сауда-саттық — 2,8 пайыз, көлік — 4,9 пайызға өсті. Экономиканың қозғаушы күштерінен қаржы секторы мен инвестициялар да қалыс қалған жоқ. Мысалға, берілген несиелер саны 6,3 пайызға өсті, негізгі капиталға инвестициялар өсімі 5,7 пайызды құрады.

Похожие материалы