Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Осы жылы 3 ұлттық компания IPO-ға шығуды жоспарлап отыр

Осы жылы 3 ұлттық компания IPO-ға шығуды жоспарлап отыр

Халықтық акционерлер өз дивидендтерін алып жатыр. «Халықтық IPO» бағдарламасының аясында KEGOC компаниясы орналастырған акциялар пайда әкелуде. Барлық акционерлер әрбір акцияның үстінен 33 теңге қосып алды деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Акция бағаларының үнемі өзгеріп отырғанына қарамастан, барлық акционерлер өз дивидендтерін алды. Мәселен, қор биржасының ең маңызды компанияларының бірі KЕGOC әрбір қатысушыға 33 теңгеден қосып берді. Өткен жылы таратқан барлық табыс мөлшері 8 миллиард теңгеден жоғары. Мамандардың айтуынша, мекемелердің 100 пайыз табыс беруінің себебі қор нарығына неғұрлым көп адам жинаудың амалы дейді. «Бағалы қағаздар нарығы кем дегенде 10 ұлттық компания қатысқан уақытта танымал болады. Бүгінде қатысушылар санын арттыру үшін кәсіпорындар акционерлер арасында табысты толықтай бөліп беріп жатыр. Мәселен, KEGOC пен ҚазТрансОйл ол ақшаларға аса мұқтаж емес. Олар монополистер ғой», — дейді «Асыл-Инвест» АҚ басқарма төрағасы Ғабиден Балғынбеков. ҚазТрансОйл компаниясы ең жомарт компания болып шықты. Барлық 46 млрд теңге табысты құнды қағаз иелері өзара бөлісті. Әрбіріне 121 теңгеден келді. Өткен жылы аталған компанияның дивидендтері бар болғаны 109 теңге болған еді. Сарапшылар осыған қарамастан, халық қор биржасының қатысушысы болуға асығар емес деп отыр. «Акционерлік қоғамдар дивидендтерге қатысты түсініксіз саясат жүргізіп отыр. Жыл табысты болуы мүмкін, бірақ компания дивидендтер бермейтін болып шешетін жағдайлар кездеседі. Компаниялардың түсіндірмегені, әрине, акционерлерге жағымсыз әсер етеді», — дейді Қаржы тұтыну одағының басқарма төрағасы Айдар Әлібаев. Қазір KEGOC-тың құнды қағазы 465 теңге тұрады. Ол IPO-ға қатысып бастаған кезден 40 теңгеге арзандады. Ал, ҚазТрансОйл акцияларының құны 820 теңгені құрап, 15 пайызға өскен. Осы жылы қор биржасына «Самұрық-Энерго», «Қазақстан темір жолы» және «Қазатомөнеркәсіп» өз қағаздарын орналастыруды жоспарлап отыр.

Похожие материалы