Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Осы жылы турбизнесте 120-дан астам алаяқтық анықталған

Осы жылы турбизнесте 120-дан астам алаяқтық анықталған

 2015 жылы туристік бизнесте республикамызда 380-нен аса алаяқтық анықталған. Ал биыл 120-дан аса факт тіркелді. Әшкере болған әрекеттің көбі Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды және ОҚО-да тіркелген. Бұлай деп Бас прокуратура 2-департаментінің бас прокуроры Дәулет Тілеубаев айтты. Бұл туралы kapital.kz жазды.

«Аталған жағдайға байланысты азаматтарды сақ болуға шақырып, туристік жолдама сатқан компания алдап кеткен жағдайда құқық қорғау орындарына дереу хабарласуыңызды сұраймыз», - дейді маман. Оның айтуынша, туристік операторды таңдамас бұрын, оның қаржылық тұрақтылығы мен осы саладағы тәжірибесімен танысып алу қажет. Тілеубаев туристік компания туралы тұтынушылардың пікірін ғаламтордан оңай тауып алуға болатынын айтады. «Егер таңдап, келісім жасамақ болсаңыз, келісім шартын мұқият оқып шығыңыз. Келісімді орындамаған жағдайда төлейтін өтемақы көлемін бірден шешіп алу қажет», - Дәулет Тілеубаев.

Похожие материалы