Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Отандық экспортшылар үшін 35 млрд теңге бөлінеді

Отандық экспортшылар үшін 35 млрд теңге бөлінеді

Отандық экспортшыларды қолдау үшін 35 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы орталық коммуникациялары қызметінің брифингінде инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді деп хабарлайды kapital.kz.

«Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет жаңа экспорттық саясат ұстану туралы шешім қабылдады. Қазір ведомства оны дайындады. Енді бағытымызды Орталық Азия, Кавказ, Иран және басқа да Азия елдерінің нарықтарына қарай өзгертуге болады", - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, бұл елдердің экспортына шығу үшін жаңа механизмдер қарастырылған. "Елбасы тапсырмасы бойынша экспорт, экспортқа дейінгі қаржыландыру және лизинг үшін 35 млрд теңге бөлінді", - деп атап өтті Исекешев. Ведомства басшысының айтуынша, өнімдерді сатылымға шығару үшін министрлік қызметкерлерімен бірге арнайы сауда миссиялары ұйымдастырылады. Ақпан, наурыз айларында Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия және басқа да елдерге сапар жасалады.

Похожие материалы