Экономика
Выбор редактора
Кәсіпкерлер теңге курсы үшін Президентке алғыс білдірді
Қазақстандағы шикізат секторындағы ірі бизнес өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа валюта курсы үшін алғыс білдірді. Ақордадағы жиналыс кезінде олар Президентке өндірістегі қызметкерлердің жағдайын жақсартатындықтары туралы уәде берді.
"Үкімет пен Ұлттық банк жаңа теңге курсына көшуге қатысты көптеген мәлімдеме жасады. Бұл - мәжбүрлі шара. Біз бағдарламамызды басқаша жоспарлаған едік, бірақ дағдарыс өзгеріс енгізіп жатыр. Мен барлығын байқап отырдым. Біз барлығын көріп отырып, салымшыларға өз теңгелерін долларға ауыстыруға мүмкіндік бердік", - деді Президент.
Үкімет пен Ұлттық банктың жаңа шаралары Қазақстанға дағдарысты бастан өткеріп, экономикалық өсімді жалғастыруға мүмкіндік береді деп атап өтті президент кәсіпкерлерге. Бірінші болып сөз алған
Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич тауардың жоспардан тыс артық екендігіне шағым білдірді. Оның сөзінше, компанияның жұмыс көлемі 100 пайызды құрайды, бірақ сатылым жүрмегендіктен қоймалар да 100 млн доллардың алюминиіне толы.
"Бұл ферроқорытпаға қатысты. Гривна девальвациясы 100 пайызды құраған Украина ферроқорытпа нарығын жаулап алды. Темір рудасы бойынша да жағдай қиын. Біздегі концентрдің өзіндік құны тоннасына 40 пайызды құраса, бәсекелестерімізде 20 пайызға түсті", - деп атап өтті ол.
Осыдан кейін ол Нұрсұлтан Назарбаевқа қарап алғысын айтты. "Бізге бәсекелестікке жағдай жасап отырғаныңыз үшін рахмет сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы. Біз жаңа нарықтар үшін бәсекелесіп, өз нарығымызды қайтара аламыз. Кен өндіруші кешенді қолдап отырғаныңыз үшін рахмет сізге. Біздің айналымызда мыңдаған шағын және орта бизнес, машинаөндірісі кәсіпорындары бар. Қазір олардың барлығы да жеңілдеп қалды. Біз өзімізге жаңа кәсіпорындар құрып, бірде-бір адамды қысқартпау туралы міндет алдық", - деді ол.
KAZ Minerals тобының президенті Владимир Кимнің сөзінше ЕАЭО құрылғаннан кейін Қазақстанның тау-кен өндірісі Ресеймен тауар соғысын бастады.
"Теңге курсын өзгерту бізге екінші мүмкіндік беріп, қазақстандық өмір сүру жағдайын сақтап қалады. Біз алдағы уақытта кәсіпорнымыздың моральдық және қаржылай жағдайына әсер ететін нәтиже көрсететін боламыз", - деді В.Ким президентке.
"Біз теңге курсының өзгеруі фосфор саласындағы бәсекеге қабілеттілігімізді сақтап қалу үшін өте қажет деп есептейміз. Осы жылы өндіріске салып жатқан бірде-бір инвестицияны тоқтатқан емеспіз. Бірде-бір жұмысшы зардап шеккен жоқ. Салық және жалаы бойынша қарыз жоқ. Қызметкерлеріміздің жағдайын жақсарту үшін барынша тырысамыз", - деген уәде берді
"Қазфосфат" ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров.
"Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев те әріптестерінің ойын құптады. "Теңге курсын еркін айналымға жіберу өте қажет. Әрине, алғашында қиындық болады. Бірақ 100 пайыздық девальвация кезінде инфляцияны 11 пайыз деңгейінде сақтап қалған Ресей тәжірибесін айтуға болады", - деді Ө.Шүкеев.
"Атамекен" ұлттық палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов та шағын және орта бизнес те теңге курсын өзгертуді қалағандығын мәлімдеді.