Экономика
Выбор редактора
Отандық кәсіпорындар қызметкерлерін қысқартуды жалғастырып жатыр
Жыл басынан бері қызметкерлерін қысқартқан кәсіпорындар саны 170-ке жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіндегі еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді деп жазады LS.
Қысқартылған қызметкерлер саны 3563-ке артты. 2015 жылдың 22 мамырында 150 кәсіпорындағы жұмыстан босаған қызметкерлер 3315 болған еді. Және тағы 334 ұйымда 5,3 мың адамға қызметтен босатылу қаупі төніп тұрды.
"Халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін аймақтарда арнайы кешенді жоспар іске асырылып жатыр. 2015 жылдың 1 маусымында 150 мыңнан астам адам қызметке орналастырылды. Бұл жоспарланған жылдық мөлшердің 47,5 пайызын құрайды", - деп атап өтті Т.Оспанқұлов.
Кешенді жоспардың сараптамасы еңбекпен қамтылған азаматтардың көпшілігі Маңғыстау (85%), Шығыс Қазақстан (68,5%), Қызылорда (66%) және Павлодар (59,1%) облыстарында екенін көрсетті. Ең аз көрсеткіш Алматы (30,8%), Атырау (40,5%), Ақмола (40,6%) және Оңтүстік Қазақстан (41%) өңірлерінде тіркелді.
Осыған дейін 2015 жылдың ақпанында Қазақстанда аймақ әкімдіктерімен кәсіпкерлер арасында арнайы меморандумға қол қойылған болатын. Аталған құжат жұмыс берушілерді қызметкерлерін жұмыс көлемі азайған кезде жартылай жұмыс күніне немесе басқа қызметке ауыстыруды міндеттейді. Меморандум Қазақстандағы жалпы 2,2 млн қызметкерді және кәсіпорындардың 40 пайызын қамтиды.