Экономика
Выбор редактора
Отандық өндірісті қолдау үшін "Қазақстандық тауармен селфи" байқауы жарияланады
Отандық өндірісті қолдау үшін тауармен селфи байқауын өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Инвестиция және даму министрлігінің Индустриалды даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов мәлімдеді.
"Ұзақ мерзімді уақытқа отандық өндірістің тауарын насихаттайтын кешенді жоспар дайындалды", - деп хабарлады ол.
Жекелей алғанда, жоспарда бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық орындарда әлеуметтік және вирус роликтерді тарату, инфографика дайындау және "Неге қазақстандық?" тақырыптық бағдарламасын ашу секілді шаралар қарастырылған.
"Жастар арасында қазақстандық тауармен селфи байқауын өткізу, аймақтық деңгейде промо-акциялар ұйымдастыру және тағы басқаіс-шаралар жоспарланып отыр", - деп атап өтті Ержанов.