Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық компаниялар шетелдік мамандардан бас тартуда

Қазақстандық компаниялар шетелдік мамандардан бас тартуда

2016 жылы отандық компаниялар қызметкерлер арқылы қаржыны үнемдемек. "Оптимум" рекрутингтік агенттігнің директоры Дина Абылхожинаның сөзінше, кәсіпорындардың көпшілігі шетелдік мамандардан бас тартып жатыр, деп жазады LS

Оның айтуынша, қазақстандық компаниялар мен шетелдік өкілдіктер шетелден келген білікті мамандардан гөрі арзан қазақстандық қызметкерлерді алуға дайын. Сондай-ақ, қызметкерлердің саны оңтайланатын болады. Мысалы үш бірдей менеджердің орнына компания барынша қабілетті, жұмыс көп болған жағдайдың өзінде қызметін толыққанды атқара алатын маманды алады.

"Қазіргі кезде әлдеқайда сапалы әмбебап персоналдарға таңдау жүріп жатыр. Кез келген жұмыс процесінде мамандығын ауыстыра алатын cross-functional еңбек ресурсының қажеттілігі артуда. Компаниялар аз ғана қызметкермен көп жұмысты бітіруді қолға алуда", - деді Дина Абылхожина.

Сондай-ақ, компаниялар экономикалық қиын жағдайда материалдық емес мотвация құрылымын жиі қабылдауға тырысып жатыр.

"Бұдан бұрын сыйақы немесе әлеуметтік пакет деген сияқты материалық мотивациялар болған. Ал қазір шығындарды аз жұмсай отырып мамандарды тартуға болатын жұмыс берушінің брендін қалай жасауға болатыны туралы мәселе жиі талқылануда. Шетелдік компаниялардың персоналдарды дамыту мен таланттарды басқарудың арнайы бағдарламасы бар. Қазақстандық жұмыс берушілер арасында әзірге мұндай тенденция жоқ", - деді рекрутер.

Дина Абылхожина қазіргі кезде жергілікті компаниялар толық емес жұмыс режиміне немесе еңбек демалысын қысқарту арқылы жұмыс істеу жүйесіне өткенін атап өтті. Оның сөзінше, қаңтар айына мамандар өтемақысыз еңбек демалысына кеткен.

"Бизнес тұрғысынан бұл "өлі" маусым, сондықтан комапаниялар осылай өздерінің шығындарын азайтуға көшкен. Бұрын мұндай болмаған. Жоғарыда аталған режимге кейбір компаниялар 2015 жылдың қыркүйек айында өткен және мұндай тәртіпті 2016 жылы да жалғастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, олар кейбір қызметтері үшін аутсорсинг енгізген", - деді ол.

Д.Абылхожинаның мәлімдеуінше, Қазақстандағы жұмыс берушілердің (ірі және шетелдік бизнес, банктер) 30%-ы жалақы индексациясын өткізген.

Фото: mygazeta.com

Похожие материалы