
"Отбасы банк" депозиттерді сату-сатып алу бойынша өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
"2022 жылғы 31 наурыз мен 8 cәуір аралығында техникалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз, осыған байланысты жаңа өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.
2022 жылғы 31 наурызға дейін сатуға шығарылған депозиттер талаптары өзгертілмей 2022 жылғы 8 сәуірге дейін 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын болады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін "Отбасы банк" наурыздың соңғы күндерінде клиенттер легі көп болуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Себебі, 1 сәуірден бастап зейнетақы жинақтарын алу үшін ең төменгі жеткілікті шек көтеріледі.