Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Отбасы банк» Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қадағалауынан шығарылады

«Отбасы банк» Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қадағалауынан шығарылады

«Отбасы банк» Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қадағалауынан шығарылады, деп хабарлайды 7kun.kz.

ҚР Парламенті Мәжілісінде «ҚH кейбір заңнамалық әктілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев осындай дерек айтты.

«Заң жобасы шеңберінде «Отбасы Банк» ұлттық даму институты болып қайта құрылуда, оның негізгі міндеті – республика бойынша азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй қатынастарын дамыту.Осыған байланысты Отбасы банкін екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығару және оған тұрғын үйге есепке алуды, қоюды және оны бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын ұлттық даму институты мәртебесін беру көзделген.Отбасы банкінің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалатын болады.

Отбасы банкі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қадағалауындағы субъектілер қатарынан шығарылатын болады», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бақылау мен қадағалауды сақтайды.

«Сонымен қатар, Отбасы банкі депозиттерді қабылдау, заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу, кассалық операциялар, банктік қарыз операциялары, салымшыларға тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шеңберде банктік және басқа да операцияларды агенттіктің лицензиясынсыз жүзеге асыратын болады», - деді Еркебұлан Дауылбаев.

Вице-министр ұсынылып отырған жаңа тетік бойынша жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың ағымдағы базасы «Отбасы банкіне» беріліп, жергілікті деңгейде есепке қою тоқтатылатынын хабарлады.

Похожие материалы