Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Otbasy bank зейнетақы жинақтары жоғалды деген қауесетке байланысты түсініктеме берді

Otbasy bank зейнетақы жинақтары жоғалды деген қауесетке байланысты түсініктеме берді

1-30 наурыз аралығында enpf-otbasy.kz платформасында клиенттерден түскен өтінімдер саны 2022 жылдың ең жоғарғы деңгейі - 870 мыңға жетті. Бұл туралы Otbasy bank баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желілерде соңғы үш күнде зейнетақы жинақтарының артылған сомасы жоғалып кетті деген қате мәлімдемелер таралып жатыр. Мысалы, 2022 жылғы 25-28 наурыз аралығында берілген 53 649 өтінімді, сұралған қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты, БЖЗҚ кері қайтарды. Бұған валюта бағамының өзгеруі және осыған байланысты зейнетақы жинақтарын қайта бағалау әсер етті. 2022 жылғы 25 наурызда зейнетақы активтерін қайта бағалауға ықпал еткен доллардың бағамы 494,16 теңгені, ал 2022 жылғы 28 наурызда 484,49 теңгені құрады.

Өзінің БЗТ-ін бұрынғы шекті көрсеткіш бойынша пайдалану үшін Банк enpf-otbasy.kz порталында өтінім беруді 2022 жылдың 29 наурызына дейін үлгеруді ұсынды.  Себебі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және отбасын емдеуге арналған БЗТ-ін пайдалану қағидаларына сәйкес банк 2 жұмыс күні ішінде өтінімді өңдеп, БЖЗҚ-ға жібереді. БЖЗҚ қолданыстағы шекті көрсеткіш бойынша өтінімдерді 2022 жылдың 31 наурызын қоса алғанда сағат 23:59-ға дейін қабылдайды және қарастырады.

Бүгін БЖЗҚ-на жолданатын өтінімді толық жасап аяқтамаған 35 мың өтініш берушіге СМС хабарлама жіберіледі. Оларды порталға кіріп, ЭЦҚ көмегімен екі өтінішке қол қоюды сұраймыз: жеке табыс салығын ұстап қалу туралы және біржолғы зейнетақы төлеміне арналған өтініш.

«Бірақ дәл осы наурыз айында біз қалыпты жағдайға жатпайтын процестерді байқадық: мысалы, 5 теңге алуға өтінім болды, 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сомаға 161 өтінім жолданды. Адамның компьютерлік сауаттылығының орташа деңгейінде порталда болу уақыты 15-20 минутты алатынын ескерсек, мұндай операциялардың қаржылық мәні түсініксіз. Сондай-ақ, ақылға қонымсыз сұраныстары бар өтінімдер түсе бастады. Мысалы, порталда 200 млн теңгеден 6 млрд теңгеге дейін 627 өтінім келіп түсті», – деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Похожие материалы