Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Отыз бірінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдары

Отыз бірінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдары

Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz — Отыз бірінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: АҚШ-та өткен аптада мұнай қорының азайғанын көрсеткен энерготасымалдағыштар қоры туралы деректер жарияланғаннан кейін шикізат арзандады. АҚШ Энергетика министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, елдегі мұнай қоры өткен аптада 282 мың баррельге төмендеді, деп жазады investing.com. 22:56 жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына тамыз фьючерстерінің құны 2,58%-ға, барреліне 66,16 долларға дейін төмендеді. Ал WTI фьючерстерінің бағасы 1,89%-ға, барреліне 57,73 долларға дейін арзандады.

Металдар: 22:59-да алтынға арналған маусым фьючерсінің бағасы 0,42%-ға қымбаттап, бір троялық унциясы 1 286,35 долларға сатылды. Күміске фьючерстің құны 0,49%-ға өсіп, бір троялық унциясы 14,4 долларға сатылды.

Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 23:00-де bitcoin 8 707,36 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,02%–ға қымбаттап, ал оның капитализациясы 154,3 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum құны 1,09%–ға көтеріліп, 275,38 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 29,2 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы — 276,6 млрд доллар.

Похожие материалы