Күн сайын қоқыс тастайтын арнайы орындарда миллиондаған батарея тасталады. Олардың құрамында денсаулыққа, қоршаған ортаға зиян келтіретін ауыр металдар мен қышқылдар, өзге де қауіпті заттар бар. Істен шыққан батареяны қоқысқа тастау кезінде нені ескеру керектігі жайлы ары қарай оқыңыздар.
Сортаң (сілтілі) батареяларды кәдімгі қоқысқа тастасаңыз болады. Қолшам, пульт, ойыншықтар үшін пайдаланылатын, ААА-дан басталып 9 вольтікке дейінгі түрлі көлемде кездесетін батарея осы. Сонымен қатар, пайдаланылып біткен сортаң аккумуляторлар мен гибридті никель батареяларды да күнделікті қоқыс апарып жүрген жерге тастасаңыз болады.
Көміртек-цинкті батареяларды да қарапайым қоқыс жәшігіне тастауға болады. Олар қоршаған орта мен денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіре алмайды.
Таблетка тәріздес батареяларды қауіпті қалдықтарды сақтауға арналған қоқыс орындарына апару керек. Мұндай батареялар әдетте сағат, есту аппараттары, т.б. жерлерде қолданылады және құрамында сынап тотығы, литий, күміс тотығы және ауа-цинк элементтері кездеседі. Бұлар әжептеуір қауіп тудыратын заттар, мерзімі өткен соң бірден үйден шығарып тастау керек.
Литий-иондық батареяларды арнайы орынға тастау немесе батареяларды қабылдайтын жерге тапсыру керек.
Қорғасын-қышқыл батареяларды немесе кадмий-никель аккумуляторларын қауіпті заттар сақтауға арналған қоқысқа апару қажет.
Автокөліктерге арналған қорғасын-қышқыл батареяларды арнайы сауда нүктелері мен қызмет көрсету орындары қабылдайды. Көлік батареяларында күкірт қышқылы бар. Әдетте олардың қуаты 6 немесе 12 вольт болып келеді. Мұндай батареяларды металл өткізетін жерге тапсыруға да болады.
Батареяның әр түрі әртүрлі жерге өткізу керек. Мәселен, құрамында қауіпті және зиянды химиялық заттар кездесетін батареяларды қауіпті қалдықтарға арналған арнайы қоқыс орындарына тапсыру қажет. Сондықтан, пайдасы таусылған батареяны лақтыра салмастан бұрын, оның қандай түрге жататынын біліп алыңыз.
Егер сіз батареялардың бәрін бір жерге үйіп, лақтыра беретін болсаңыз, олардан бөлінетін түрлі зиянды қалдықтардың топырақты, жерасты суларын улайтынын, буға айналып ағзаңызға қайта айналып келетінін естен шығармаңыз.
- Экологиялық таза батареяларды пайдалануға тырысыңыз.
- Алкалин (сілтілі) батареяларды сатып алыңыз. 1984 жылдан бастап бұлар қоршаған ортаға барынша аз зиян келтіретіндей етіп жасалады.
- Күміс-цинк батареяларды ауа-цинк батареяларының орнына қолданыңыз.
- Қайта қуаттауға болатындықтан, батареялардың орнына аккумулятор қолдануға тырысыңыз.
- Күн батареяларын қолдану мүмкіндігін қарастырып көріңіз.