Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Панама құжатындағы" маңызды 12 сан

"Панама құжатындағы" маңызды 12 сан

Немістің Süddeutsche Zeitung басылымы мен Халықаралық журналистік тергеу консорциуымы (ICIJ) және ұйымдастырылған қылмыс пен жемқорлықты зерттеу орталығы (OCCRP) әлем бойынша офшорлы тіркеуші ретінде танылған Mossack Fonseca заң фирмасына қатысты ақпаратты жариялады. Әрі оны орналасу аймағына байланысты "Панама құжаты" деп атады.

Панама елінде орналасқан бұл корпорацияның иелігінде "көлеңкелі" деп танылған 300-ден аса компания мен бизнес түрлері бар. Енді  OCCRP және ICIJ-ның зерттеу жұмысы кезінде қолға түскен Mossack Fonseca құжаттарындағы 214 мыңға жуық компанияға өздерінің офшорлы қаражатын жария етуге тура келеді. Ал 1977 мен 2015 жылдарды қамтитын "Панама құжатын" зерттеу жұмыстары 2016 жылдың 4 ақпанында басталды.

Құжатқа сәйкес, офшорлы аймақта бірнеше мемлекет президенттерінің қаражаты бар. Егер мәліметтер нақтыланатын болса олар "салықтан жалтарды және ақшаның жылыстауына әрекет жасады" деп айыпталуы мүмкін.

Британдық The Guardian газетінің мәліметінше, офшорлы құрылымды пайдалану заңға қайшы емес. Ал Ресей, Украина сияқты елдерде бұл әрекетке қатысты қатаң жаза қолданылып, валюталық шектеулер қойылады. Десек те Владимир Путин мен Петр Порошенконың есімі Mossack Fonseca-ның мәліметтер базасына сәйкес, тергеу жұмыстарында көшбасшылар тізіміне енген.

Сонымен "Панама құжаты" бойынша маңызды сандар реті мынадай: 

Mossack Fonseca мұрағатын тергеу жұмыстарына 70-ке жуық редакциядан 370 журналист қатысқан.

11,5 миллион файл - банк құжаттары, электронды хаттар, төлқұжаттардың сканерлері және офшорлы аймақтың мәліметтер базасы.

"Панама құжатының" жалпы ақпарат көлемі 2,6 терабайтты құрайды. Бұл 2010 жылы WikiLeaks сайтында жарияланған америкалық дипломаттарының, АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік қызметінің құпия жазбаларынан бірнеше есе көп.

14 мыңға жуық клиент Mossack Fonseca қызметін пайдаланған. Олардың 143-і қазір қызмет істеп жүрген және бұрын істеп кеткен саясаткерлердің туыстары мен серіктері.

12 ұлттық көшбасшылар – корольдер, президенттер, премьер-министрлер. Олардың аттары құжатта тура және жанама аталған. Ресей президенті Владимир Путиннің, Украина президенті  Петр Порошенконың, Сауд Арабиясының королі Салманның, Исландия және Пәкістанның премьер-министрлерінің, Әзербайджан Президенті Ильхам Алиев, Біріккен Араб Әмірлігінің Президенті Эмиратов Халифа ибн Зайд Аль Нахайянның есімдері бар.

Ресей Президенті Владимир Путиннің қоластында жұмыс істейтін қызметкерлер офшорлы компаниялар арқылы 2 млрд доллар аударған. Көлеңкелі тізімнің қатарында Путиннің досы, виолончелист  Сергей Ролдугин бар.

14 гривен 85 тиынды Петр Порошенко Mossack Fonseca арқылы Prime Asset Partners Ltd компаниясын тіркеуде өзінің мекен-жайын нақтылау үшін электр энергиясына төлеген.

$1000 – Петр Порошенко иелік ететін Prime Asset Partners Ltd. акцияларының құны. Ал кипрлық CEE Confectionary еншілес компаниясының акцияларының құны - 2000 доллар.

"Панама құжатында" аты аталған 20 кәсіпорын Одесса мэрі  Геннадий Трухановпен және оның жақындарымен байланысты.

Ресей, Солтүстік Корея, Иран, Сирия, Зимбабва мемлекеттерімен ынтымақтастығы үшін санкция тізіміне енген 23 адам Mossack Fonseca клиенттері болған.

Forbes журналында жарияланған әлемдегі ең бай 500 миллиардердің 29-ы тергеу жұмыстарының құрбаны болды.

Ал "Панама құжатында" аты аталған 214 488 офшорлы компанияның толық тізімін Халықаралық журналистік тергеу консорциуымы мамыр айында жариялайды.

Похожие материалы