Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Panasonic жаңа Toughbook CF-20 ноутбугын таныстырды

Panasonic жаңа Toughbook CF-20 ноутбугын таныстырды

Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz – Panasonic компаниясы жұртшылыққа жаңа Toughbook CF-20 ноутбугын таныстырды. Оның артықшылығы ірі корпорациялар, мемлекеттік органдар және құпия деректермен жұмыс істейтін қорғаныс құрылымдары үшін маңызды болып саналатын қауіпсіздік хаттамасымен ерекшеленеді, деп мәлімдеді 3dnews.ru сайты.

Panasonic Toughbook CF-20 mk2 моделінің қауіпсіздігі IP65 және MIL-STD 810G стандарттарына сәйкес келеді.  Құрылғының салмағы  1,76 кг. Ал пернетақтаны алған кезде планшеттің салмағы 950 граммды құрайды.

Одан бөлек, жаңа ноутбукті бұрынғысымен салыстырғанда, пернетақта өлшемі 8 пайызға ұлғайған Windows Hello қолдауымен алдыңғы камералар пайда болған. Сонымен қатар, заманауи процессор (Intel Core vPro) қолданылады. Автономды жұмыс уақыты 17 сағатқа дейін ұзарған.

Құрылғы қуаттамастан 8,5 сағат жұмыс істей алады. Toughbook CF-20 mk2 техникалық мазмұны: 1920 × 1200 пиксель рұқсатымен 10,1 дюймдік дисплей, жарықтығы - 800 кд/м2, оперативті жадысы 8 Гб, қатқыл диск 256 ГБ және Windows 10 Pro.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы