Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Парижде жарты ғасырдан кейін биік ғимарат салуға рұқсат берді

Парижде жарты ғасырдан кейін биік ғимарат салуға рұқсат берді

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz — Парижде 1973 жылдан бері алғаш рет биік ғимарат салынады. 180 метр биіктіктегі ғимарат үшбұрышты формада болады.

Белгілі болғандай, бұл зәулім ғимарат Порт-де-Версал алаңында орналасады. Оның көрінісін сипаттайтын болсақ, француз астанасының ортасынан ғимарат жұқа мұнараға, ал шығыс пен батыстан үшбұрышқа ұқсайды.

Құрылыс рұқсаты 2015 жылы алынғаны белгілі. Соған қарамастан, сот құрылысқа қарсы берілген екі шағымды қарауға мәжбүр болды. Нәтижесінде жұмыс тоқтатылды.

Аталған биік ғимаратта 120 нөмірлі қонақ үй, 70 000 шаршы метр кеңсе бөлмесі, балабақша мен медициналық орталық орналасады. Құрылыс 2020 жылға қарай басталып, 2024 жылы аяқталады деп жоспарланды.

Үшбұрышты ғимарат Эйфель (300 м) және Монпарнас мұнарасынан (210 м) кейін Парижде биіктігі бойынша үшінші орын алады. Айта кетерлігі, қалада Монпарнасты салғаннан кейін жеті қабаттан жоғары ғимарат тұрғызуға тыйым салынды.

БАҚ-да хабарландай, Париж - өте тегіс қала. Қазір Иль-де-Франс аймағында небәрі 17 аспанмен теңесетін ғимарат бар. Бірақ, олардың біреуінен басқасы Ла-Дефанс кварталында, қаладан тыс жерде орналасқан.

Похожие материалы