Спикер алтыншы шақырылым жұмысы басталғалы бас бері палаталардың 3 бірлескен отырысы өткізілгенін атап айтты. Мәжілісте 12 пленарлық отырыс, тұрақты комитеттердің 109 отырысы, заң жобалары бойынша жұмыс топтарының 160 отырысы өтті.

Парламенттің қос палаталарының депутаттары Үкімет пен басқа да орталық мемлекеттік органдарға 115 депутаттық сауал жолдады.

«Мәселелер тақырыптардың кең ауқымына қатысты болды: экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту және қаржы, банк жүйесі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және өңірді дамыту, қорғаныс, құқық қорғау, ақпараттық қауіпсіздік және басқа да елді дамытудағы аса маңызды мәселелер», - деді Н. Нығматулин.

Осыдан соң қос палатаның депуттатары сессия жұмысын аяқтауға дауыс берді. Енді Парламенттің VI шақырылымының 2 сессиясы 2016 жылдың 1 қыркүйегінде басталады.