Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Парламент мәжілісі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын қарайды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Заң жобасы республикалық референдум қорытындысы бойынша еліміздің Конституциясына енгізілген өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасы құқықтық базаның жоқтығын ескере отырып, тиісті Конституциялық заңның күшін жоюды көздейді», – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.
Еске салайық, осыған дейін Конституциядан Елбасы туралы барлық сілтемелер алынып тасталған болатын.