
Алматы. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент жанынан заңнаманы зерттеу және сараптау институтын құруды тапсырды.
"Депутаттардың сауалдары бойынша Парламентте заңнаманы зерттеу және сараптау институтын құруды тапсырамын. Аталған құрылым қабылданатын заңдардың сапасын арттыруға ықпал етеді", - деді Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауымен сөйлеген сөзінде.
Еске сала кетейік, Президент Жолдауын бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялады. Сағат 15:00-де барлық республикалық телеарналардан көрсетіледі.