Нұр-Сұлтан. 16 маусым. 7kun.kz – ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар МИБ және ЖС-ға көшу мерзімдерін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Заң жобасын талқылау барысында Сенат депутаттары өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Оның ішінде жылжымайтын мүлікті ресімдеу, көп пәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысанына көшуін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту мәселелерін қарау жөніндегі комиссиялардың құзыретінің қызметіндегі нормалар нақтыланды», – деді сенатор Ерік Сұлтанов.
Айта кетейік, қазақстандықтар 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін Пәтер иелері кооперативінен (ПИК) МИБ немесе жай серіктестікке (ЖС) ауысуы тиіс екендігі хабарланған болатын.