Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Павлодар облысы 2015 жылы ет экспортының көлемін төмендетпейді

Павлодар облысы 2015 жылы ет экспортының көлемін төмендетпейді

Павлодар облысы 2015 жылдың аяғына дейін 900 тонна етті экспортқа шығаруды жоспарлап отыр деп хабарлады облыс әкімі Қанат Бозымбаев сенбі күні халық алдында берген есебінде.

"Біздің облысымыз республикада алғашқылардың бірі болып ет экспортының тапсырмасын орындады. Жоспар бойынша 800 тонналық меже көрсетілгенмен, іс жүзінде 894,3 тонна экспортталды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 5,5 есе жоғары", - деп мәлімдеді әкім.

К.Бозымбаевтың сөзінше, өңірдің шекараға жақын орналасуына байланысты, сыртқы экономикалық қызмет жоғары маңызға ие.

"Біз ірі тұтынушылық нарықтың ортасындамыз - 500 км радиуста шамамен 11 млн адам тұрады (нарық көлемі - $4,7 млрд), 1000 км радиуста - 24 млн адам (нарық көлемі - $11,6 млрд)", - деп нақыталыды аймақ басшысы.

Әкімнің пікірінше, бұл нарықтардың қажеттіліктеріне жаңа өндірістерді бағдарлауға болады - өнеркәсіптің тек дәстүрлі өнімін ғана емес, ауыл шаруашылық өнімін де бағыттауға болады.

"Мысалға, жыл сайын тоңазытылған жартылай фабрикаттарды шығаратын "Смак" ЖШС өнімін Санкт-петербург пен Чита аралығындағы супермаркеттерден кездесіруге болады. "Лакталис" француз компаниясы павлодарлық сүт зауытында "Президент" брендімен сүт өнімдерінің шығара бастады, бұл өнім Ресей Федерациясына экспортталатын болады. Бұрындары бұл өнім Ресейге Еуропа мен Канададан жеткізілетін", - деді Қ.Бозымбаев.

Похожие материалы