
Павлодар облысы. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Асайын Байханов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Асайын Қуандықұлы Байханов Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген прездент жарлығында.
Асайын Байханов 1978 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 2020-2021 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары болған. 2021 жылдың шілдесінен бастап қазірге дейін Павлодар қаласы әкімі қызметін атқарды
Еске салайық, 2022 жылғы 1-ші желтоқсанда Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды.