Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Павлодар қымызы шетелге экспортталуда

Павлодар қымызы шетелге экспортталуда
Қазақстан қымызы шет елдерге экспортталып жатыр. Бұл жөнінде Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Астана әкімшілігімен сауда-экономикалық қатынас жасау туралы меморандумға қол қою рәсімінде мәлімдеді деп хабарлайды 365info.kz  — Қымыз өндірісі өнеркәсіптік негізге қойылды. Қазіргі таңда шыны және пластик ыдыстағы аталған сусындар бірнеше елдерге экспортталуда, — дейді облыс әкімі. Естеріңізге сала кетсек, Астана және Павлодар облыстық әкімдіктер сауда-экономикалық байланыс орнату туралы меморандумға қол қойған еді. — Бүгінгі келісім бірінші кезекте Президенттің ішкі нарықты дамытуға қатысты тапсырмасын орындауға бағытталып отыр. Сондай-ақ, отандық азық-түлік өнімдерін жеткізудегі серіктестікті кеңейту де басты назарға алынды, — дейді Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков.

Похожие материалы