Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Павлодарда алаяқ 52 млн теңге жымқырған

Павлодарда алаяқ 52 млн теңге жымқырған

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Павлодарлық полицейлер 52 млн теңгеге алдаған екі алаяқтық фактісін ашты, деп хабарлайды 7kun.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ол Успен ауданының тұрғынына күнбағыс тұқымын жеткізіп беремін деп оның 28 млн теңгесін алдап алған. Ал кейіннен іскер павлодарлық РФ Барнаул қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың бірінің бидайын иемденіп алған. Жалпы шығын 24 млн теңгеден асты», – делінген хабарламада.

Полция жергілікті 40 жастағы тұрғынды ұстады. Облыста осыған ұқсас жеті эпизод тіркелді.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Похожие материалы