Павлодар. 6 қаңтар. 7kun.kz – Павлодарда облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бүгін Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша негізгі сот отырысы тағайындалады», – делінген хабарламада.
Нұрлан Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимов мемлекеттік сатып алулар кезінде патронаттық қызмет көрсету және еншілес компаниялармен келісім-шарт жасау кезінде 90,3 миллион теңге көлемінде пара алды және артиллерия сатып алуға арналған бюджеттің 420 миллион теңге қаражатын жымқырды деп айыпталуда.
Айта кетейік, Нұрлан Мәсімов ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің туысы. Ол 2019 жылдың қарашасынан Павлодар облысы ПД-ны басқарып, 2022 жылдың қаңтарында қызметінен босатылды. Өткен жылдың 22 сәуірінде оған іздеу жарияланған болатын. Шілде айында Нұрлан Мәсімов Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған жерінде ұсталды.