Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Павлодарда полицей адамдарға шабуыл жасаған алабайға оқ атты – Видео

Павлодарда полицей адамдарға шабуыл жасаған алабайға оқ атты – Видео

Павлодар. 21 тамыз. 7kun.kz – Павлодарда алабай бірнеше адамға шабуыл жасады. Оқиға орнына барған полицейлер итке оқ атты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 21 тамызда сағат 06:31-де Бекхожин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің маңында иесіз жүрген ит адамдарға қарай жүгіргені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына АП-627 автопатрулі жіберілген. Полиция кіші лейтенанты Ерсін Шахманов азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында қызметтік тапаншасынан итке екі рет оқ атты.

Ит тірі. Ол ветеринария қызметкерлеріне тапсырылған. Қазір алабайдың иесі іздестіріліп жатыр. Ал 33 жастағы жәбірленуші – Полиция департаменті қызметкері. Ит оның оң жақ білегінен тістеген, жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Ер адам жұмысқа шыққанда иттің әйелге шабуыл жасағанын көрген. Ол жүгіріп барып, әйелді құтқарып, итпен арпалысқан. Куәгерлер полиция шақырған.

 Полиция қызметкерінің қызметтік қару қолдану фактісі бойынша тексеріс жүргізіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=yWra9uNK-CE&t=1s

Похожие материалы