Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Павлодарда сатушыны байлап, 25 iPhone ұрлаған қарақшылар ұсталды

Павлодарда сатушыны байлап, 25 iPhone ұрлаған қарақшылар ұсталды

Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz – Павлодарда сатушыны пышақпен қорқытып, қолдары мен аяқтарын байлап, 25 дана iPhone және 305 мың теңгеден астам ақшалай қаражатты ұрлаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Полиция аса ірі мөлшерде жасалған қарақшылық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 2-тармағы 4-бөлігінің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті 1991 және 1994 жылы туған екі Екібастұз қаласының тұрғындарын анықтап, ұстады», – деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Күдіктілер Павлодар қаласы полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Похожие материалы