Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылы Павлодар облысында жол құрылысы 1 мың шақырымды қамтыды. Республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 54 миллиард теңге бөлінген.
Оның 12,4 миллиард теңгесі облыстық маңыздағы жолдарға қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда барлық бағыттағы жол жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Жоспарланған жол телімдері жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс. Мемлекет басшысының туристік әлеуеті жоғары аймақтардың жолдарын қалпына келтіру тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы Баянауыл ауданында жалпы құны 6 миллиард теңгеге түскен ұзындығы 207 шақырымдық жол жөнделіп жатыр.
Ал, «Орталық-Шығыс» автокөлік дәлізі бойынша Аққулы ауданының аумағында 109 шақырымдық жол салынып жатыр. Құрылысқа озық технологиялар қолданылады. Соның бірі – жолдардың қолданылу мерзімін 25 жылға дейін ұзартады.