"Павлодарэнерго" АҚ - электр және жылу энергиясын өндірумен, берумен және таратумен айналысады.
Анықтама:
- Құрылған жылы: 2002 жыл
- Саласы: электроэнергетика
- Бас директор: Олег Перфилов
- Қызметкерлер саны: 5000-нан аса адам
- Бас кеңсесі: Павлодар қаласы
Компания тарихы
«Павлодарэнерго» АҚ-ның жарты ғасырдан астам тарихы бар.
1964 жылы Павлодар облысының бүкіл энергетика саласы «Павлодарэнерго» аудандық басқармасына біріктірілді.
1965 жылы Министрлер кеңесінің қаулысымен аудандық басқарма «Павлодарэнерго» өндірістік бірлестігі етіп өзгертілді. Ол кезде ұйымның құрамында келесі кәсіпорындар болды: Павлодарлық ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, Екібастұздық МАЭС-1, МАЭС-2, Екібастұздық ЖЭО, Ермак қаласындағы МАЭС.
Компания аймақтың дамуына зор үлесін қосты. Облыстың аумағында негізгі жүйеаралық электр қуатын беру желілері енгізілді, бұл қазақстандық қуат жүйелерін біріктіруге, Солтүстік Қазақстанның біріктірілген қуат жүйесін жасауға мүмкіндік берді.
1971 жылдың 2 қазанында Павлодарлық жылу желілері кәсіпорны құрылды, бұл қаланы жылыту үрдістерін орталықтандыруға мүмкіндік берді және қаладағы жылу желілерінің дамуына жаңа серпін берді. Сонымен қатар, электрлік қуатты генерациялау саласындағы жылу-электр орталықтарында жыл сайын ірі іс-шаралар жүргізілді, жаңа қуаттарды іске қосу жүргізілді.
КСРО ыдырағанда және 1995 жылғы дағдарыстан кейін «Павлодарэнерго» өндірістік бірлестігі республикалық мемлекеттік кәсіпорынға айналды.
1997 жылы Павлодарлық ЖЭО-2 және ЖЭО-3 мүлкі аукционға қойылды, оны «Орталық-Азия отын-энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы (ОАОЭК) сатып алды.
2002 жылы «Павлодарэнерго» ашық акционерлік қоғамы құрылды, 2003 жылғы желтоқсан айында ол "акционерлік қоғам" етіп өзгертілді. Энергия жүйесінің генерациялайтын қуаттарының құрамына Павлодарлық ЖЭО-2 және ЖЭО-3 кірді.
2002 жылы «Павлодарэнерго» АҚ компаниялар тобына «Павлодар электржелістік тарату компаниясы» АҚ қосылды. Осы жылы компанияның құрамына 2011 жылы «Павлодарэнергосбыт» ЖШС етіп өзгертілген «Энергоцентр» АҚ кірді.
2005 жылы компания құрамына "Павлодар жылу желілері" АҚ-ға біріктірілген, ал 2011 жылы Жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысаны болып қайта құрылған Павлодарлық жылу желілері кірді.
Павлодар облысының қуатты генерациялайтын, қуат беретін ұйымдарын сатып алу жөніндегі мәмілелер аяқталғаннан кейін «ОАЖЭК» АҚ 1990 жылдары күрделі жөндеу жүргізілмеген «Павлодарэнерго» АҚ станцияларының негізгі қорларын қайта құру және жаңарту жөніндегі жобаларға қаражат сала бастады.
2006 жылы Павлодарлық ЖЭО-2 ұйымында №2 құбыр агрегатын қайта құру жұмыстары аяқталды.
2007 жылғы желтоқсан айында «Павлодарэнерго» АҚ Екібастұз жылу орталығын және Екібастұз жылу желілерін сатып алды.
2008-2009 жылдары «ОАЖЭК» АҚ өзінің еншілес ұйымы «Орталық-Азия Электр-энергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның жарғылық капиталына «Павлодарэнерго» АҚ-ның акцияларын берді. Сөйтіп «Орталық-Азия электр-энергетикалық корпорациясы» АҚ «Павлодарэнерго» АҚ-ның жалғыз акционері болды.
«ОАЖЭК» АҚ акционерлерінің құрамына «Орталық-Азия отын-энергетикалық корпорациясы» АҚ және Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Ислам инфрақұрылым қоры сияқты халықаралық даму институттары кіреді.
Бөлімшелері
«Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ
«Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ - 1998 жылғы 29 қаңтарда құрылды. 1999 жылғы қаңтар айында компания ашық акционерлік қоғам, 2003 жылғы 30 желтоқсанда акционерлік қоғам етіп қайта тіркелді.
Компанияның негізгі қызметі – Павлодар облысының 10 аймағында, Павлодар және Ақсу қалаларында электр қуатын беру және бөлу. Компанияның өндірістік қуаттары Павлодар қаласында және Павлодар облысында орналасқан.
«Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ электр желісі «KEGOC» АҚ электр желісі арқылы Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесіне және Ресейдің желілеріне қосылған, бұл компанияға Павлодарлық № 1, 2 және 3 ЖЭО-на өндіретін электр қуатын беруге мүмкіндік береді. № 1 ЖЭО «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға тиесілі, ал № 2, 3 ЖЭО «Павлодарэнерго» АҚ-ға тиесілі.
«Павлодар жылу желілері» ЖШС
«Павлодарские тепловые сети» ЖШС 2006 жылғы 28 қыркүйекте Павлодар қаласында құрылған.
«Павлодарские тепловые сети» ЖШС Павлодар және Екібастұз қалаларының тұтынушыларына жылу берумен және бөлумен айналысады. Кәсіпорынның қызметі жылу желілерін пайдалану тұрғысынан олардың сенімділігін арттыруға және жылу қуатын шығару, беру, тұтыну үрдістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған.
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС – Павлодар облысының, Павлодар және Екібастұз қалаларының тұтынушыларына электр және жылу қуатының берілуін қамтамасыз ететін электр және жылу қуатымен қамтамасыз ететін ұйым. «Павлодарэнерго» АҚ «Энергоцентр» АҚ-ның акцияларын 2004 жылғы 20 тамызда сатып алды. «Павлодарэнергосбыт» ЖШС құрды, бұл кәсіпорын сол кезден бастап қызметін жүзеге асырып келеді.
2011 жылғы желтоқсан айында нысанын мен атын өзгерту арқылы «Энергоцентр» АҚ қайта құрылып, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ға айналды.
«Екібастұзжылуэнерго » ЖШС
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС 2018 жылғы 1 қазанда құрылды. Компанияның құрамына Екібастұз ЖЭО-сы және «Екібастұз жылу желілері» кіреді.
Екібастұз ЖЭО-сы 1956 жылы құрылып, Павлодардың Ертіс өңірінің алғашқы жылу электр орталығы болды.
«Екібастұз жылу желілері» 2007 жылы құрылды. Кәсіпорын Екібастұз тұтынушыларына жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтер көрсетеді.
Компанияның мақсаты
"Павлодарэнерго" АҚ-ның стратегиялық мақсаты - Павлодар облысының экономикалық өсімін жүзеге асыру үшін аймақтың энергетикалық жүйесінің теңдестірілген және тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жетекші энергетикалық компанияны қалыптастыру. Компания жетекші әлем тәжірибелерін белсенді түрде ендіреді және өндіріс, экология, денсаулық сақтау салаларында, әлеуметтік салада халықаралық стандарттарға сәйкес қызмет етеді.
Басшылық
- Перфилов Олег Владимирович - Бас директор
- Шевцов Владимир Григорьевич - «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО директоры
- Гринёв Игорь Николаевич - «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО директоры
- Вебер Виктор Карлович - Екібастұз ЖЭО директоры
- Бодрухин Фёдор Фролович - «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ Президенті
- Арғынов Талғат Ғабдоллаұлы - «Павлодарэнергосбыт» ЖШС Бас директоры
- Иманаев Марат Шамильұлы - «Павлодаржылу желілері»ЖШС бас директоры
- Захарьян Александр Михайлович - «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС Бас директоры
- Замотин Александр Федорович - "Энергетик" демалыс үйі" ЖШС Бас директоры.
Компанияның жалғыз акционері – "ОАЭК"АҚ, оның үлестері "ОАЭК " АҚ – 66,98% және ЕҚДБ-ға - 17,6% тиесілі.
Дереккөздер: pavlodarenergo.kz, forbes.kz