Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Педиатрия орталығында Балалар күні атап өтілді

Педиатрия орталығында Балалар күні атап өтілді

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, қатерлі дертке шалдыққан балалар үшін  мерекелік шара өтті.

 Шараны Орталықтың Педиатриялық блок басшысы Гүлнар Әбділова ашып, барша қауымды мерекемен құттықтады.

Мерекелік шара «Браз сикстет» оркестрі мен «Шу-Шу» аспаптық дуэтінің концерттік бағдарламасымен ашылды. Әлемнің әйгілі әндері мен музыкалық композицияларын тарту еткен өнерпаздардың өнері көпшілікті тәнті енті. Науқас балаларды құттықтауға қазақ эстрадасының жұлдызы Жолбарыс Сейфуллин арнайы келді. Барша балаға тез сауығып, құлан таза айығып үйлеріне қайтуларын тілеген әнші, хит әндерін орындап, әннен шашу шашты.  «Ульмира» шоу-балетінің мың бұралған  бишілері мерекенің ажарын ашты. Сиқыршы Панов Владиславтың өнері балаларға нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кешті өнер жұлдызы Аллаберген Жақсыбаев пен орталықтың  Кроха есімді аурухана клоуны жүргізді. Шараға арнайы келген аниматорлар тобы бүлдіршіндердің көңілін көтерді. Олар балалармен бірлесе  би билеп, түрлі ойындар ойнады.

Шара аясында балалардың сурет, қолөнер көрмесі өтті. Балалар үшін арнайы аквагрим мен фотосессиялар ұйымдастырылады. Іс-шара шағын дискотекамен және балаларға арналған мерекелік сыйлықтарды табыстаумен аяқталды. Сыйлықтар онкогематология бөлімімен қатар, барша орталықта ем алып жатқан науқас балаларға таратылды.

"Педиатрия орталығында ем алып жатқан барлық балаға зор денсаулық, мол бақыт, бақытты балалық шақ, қуаныш пен шаттыққа толы жарқын өмір тілейміз! Балалар мерекесі құтты болсын! Ауыр дертке шалдыққан балаларға мереке, қуаныш сыйлау мақсатында ұйымдастырылған шараның психологиялық көмегі зор деп білеміз", дейді орталақта.

        

Похожие материалы