Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – Президенттің тапсырмасына сәйкес Қазақстанда қасақана ауыр және аса ауыр қылмыстардың жекелеген түрлері үшін қатаң жауапкершілік енгізіледі, ал қылмыстардың кейбір түрлері орташа ауырлықтағы санаттан ауыр санатына ауыстырылды.
Бас прокурордың орынбасары Мұрат Ахметжанов ОКҚ брифингінде жыл басынан бері өткен жылмен салыстырғанда қылмыс 15%-ға төмендегенін мәлімдеді. Аса ауыр қылмыс жасау 9%-ға азайды. Қоғамның криминогендік дәрежесін сипаттайтын жасалған кісі өлтіру саны да төмендеу үрдісіне ие. Жалпы, ҚР бойынша кісі өлтіру деңгейі 21%-ға төмендеді.
"Бірақ статдеректер бізді тыныштандырмауы керек. Ауыр және аса ауыр көріністермен күрес әрқашан өзекті. Кез келген кісі өлтіру, зорлау – бұл адамның ең құнды құқығына - өмірі мен оның денсаулығына қол сұғу. Бұл әрдайым біреудің отбасындағы үлкен трагедияға алып келеді. Балаларға қатысты осындай қылмыстардың жасалуына ерекше мән беріледі. Мұндай фактілерді болдырмау үшін қатаң және жасалған әрекетке барабар жаза маңызды", – деп толықтырды спикер.
Сонымен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан халқына Жолдауында жеке адамға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдату Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерін одан әрі жетілдіру бойынша заң жобасы әзірленді. Құжатқа қасақана ауыр және аса ауыр қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша түзетулер енгізілді.
Мысалы, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік күшейтіледі. Зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау, тіпті ауырлататын мән-жайларсыз да, ауыр қылмыстар санатына жатады (бұрын олар орташа ауырлықтағы қылмыстарға қатарына кірді және неғұрлым "жұмсақ" жаза қолданылған).
Балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы барлық күш қолдану әрекеттері үшін жауапкершілік күшейтіледі, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қылмыс жасаудың жеке саралау белгісі пайда болады, бұл неғұрлым қатаң жауапкершілікті көздейді. Жас балаға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасау енді өмір бойы немесе кемінде 20 жыл бас бостандығынан айыруды көздейді.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың жыныстық тұтастығына қарсы қылмыс жасау фактілері бойынша бұрмалағаны, жасырғаны үшін, сондай-ақ педофилияның ауыр фактілері бойынша хабарламағаны үшін жауапкершілік енгізіледі.
"Бұл ауыр қылмыс алты жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. Яғни, қылмыстық жаза мамандандырылған балалар мекемелерінің қызметкерлері мен басшылығына қауіп төндіреді. Ата-аналар мен қамқоршыларға қатысты да осындай жауапкершілік қарастырылуда", - деді Ахметжанов.