Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz – Бүгін Петропавл қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша 116 отбасы жаңа пәтер кілтін алды, деп хабарлайды «ҚИК» АҚ баспасөз-қызметі.
Пәтер алғандардың арасында көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын басқа азаматтар бар.
Петропавл қаласының жаңа қоныстанушыларына Қазбек Байбулов көшесі, 69-үй мекенжайы бойынша тұрғын үйден 36 бір бөлмелі, 58 екі бөлмелі және 22 үш бөлмелі пәтер берілді. Пәтерлердің ауданы 39,5 шаршы метрден бастап 78,5 дейінгі шаршы метрді құрады. Жаңа тұрғындарға салтанатты түрде кілттерді тапсыру дәстүрлі түрде жаңа үйдің ауласында өткізілді.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ақсақалов Құмар Іргебайұлы қоныстанушыларға құттықтады.
Жылдың соңына дейін Петропавлда жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған адамдар арасында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тағы 96 пәтер бөлінеді. 2018 жылы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ республика бойынша 80 мың шаршы метрден астам жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беріледі. Биылғы жылдың қыркүйек айында компания Қарағандыда кезекте тұрған адамдарға 65 пәтер және Ақтауда кезекте тұрған адамдарға 478 пәтердің кілтін береді.