Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Перуашев Назарбаев отставкаға кеткенде неге жылағанын түсіндірді

Перуашев Назарбаев отставкаға кеткенде неге жылағанын түсіндірді

Қазақстан. 17 маусым. 7kun.kz – «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев блогер Алексей Лодочниковқа Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткенде неге жылағанын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Лодочников Перуашевтан қысқаша бейне сұқбат алып, эмоцияларын жиі іште сақтайсыз ба деп сұрады.

«Біз бәріміз адамбыз және бізде эмоция бар. Мен Интернетте сіз өз эмоцияңызды сақтай алмай, жылаған видеоңызды көрдім. Мұндай жағдай қаншалықты жиі болады және онымен қалай күресесіз?», – деп сұрады блогер.

Оған Перуашев мұнымен күресудің қажеті жоқ деп жауап берді. Ол мұндай жағдай сирек болатынын, бірақ ол эмоциясын көрсеткені үшін, бүкіл Интернет оны талқыға салғанын айтты. Ол әр адамның жүрегі бар екенін алға тартты.

Айта кетейік, «Ақ жол» оппозициялық партиясының жетекшісі Азат Перуашев президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткен кезде көзіне жас алған еді.

Похожие материалы