Астана. 13 сәуір. 7kun.kz - Мәжіліс депутаты Азат Перуашев парламент депутаттарының жалақысын көтеру мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы stan.kz хабарлады.
“Бұл жалақыны бекіткен мәжілісмендер емес. Еңбек ақыны төлеудің ортақ жүйесін үкімет бекітеді. Бұл мәжіліс депутаттарына ғана қатысты нәрсе емес. Менің түсінуімше, бүгін комитет төрағалары, тіпті вице-министр, министр деңгейінде жалақы бекітілген”, – деді Перуашев.
Ол жұрт келеке қылып жүрген депутаттардың жалақысы, Министр тұрмақ вице-министрдің айлығына да жетпейтінін айтып қалды.
Бұл ретте депутат салыстырмалы түрде халық қалаулыларының аса көп жалақы алып отырмағанын да жеткізді.
“Ұлттық компаниялардағы жалақыны айтпағанда бұл әлдеқайда орташа жалақы. Сол себепті мен мысқылдап немесе табалап қуанбаймын”, – деп атап өтті.
Бұған дейін Перуашевтің дәретханасыз пәтер салуды ұсынғанын хабарлаған едік.
Сонымен қатар, Владимир Божко депутаттардың еңбекақысы неге артқанын түсіндірген.