Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Пірматов: Қажет болса, базалық мөлшерлемені тағы да көтеруге дайынбыз

Пірматов: Қажет болса, базалық мөлшерлемені тағы да көтеруге дайынбыз

Астана. 15 қараша. 7kun.kz – Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім жаңартылған макроэкономикалық болжам негізінде қабылданады. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің X конгресіде Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол базалық ставканың мөлшері тағы да көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Қазір біз болжамдарымызды жаңарту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Осы болжамның қорытындысы бойынша деректер мен бірқатар макроэкономкалық факторға сүйене отырып, шешім қабылдаймыз. Егер қажет болса, базалық мөлшерлемені тағы да көтеруге әзірміз. Шешімді 5 желтоқсанда жариялаймыз», – деді Пірматов.

Ұлттық банк төрағасы кәсіби ортада базалық мөлшерлеме туралы талқылауға оң көзқараспен қарайтынын атап өтті.

«Нарықтағы кәсіби қатысушылар күннен күнге біздің шешімдердің түпкі мәнін түсіне бастағанын көріп отырмын. Мөлшерлемені тым төмен дейтіндер де, керісінше, оны тым жоғары дейтіндер де бар. Бірақ маған оның бар екені ұнайды.  Кәсіпқой ортада жеткілікті мазмұнды пікірталас болуы керек және біз оны қолдаймыз», – деді ол.

Еске салайық, 2022 жылғы 26 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ке дейін көтерген еді.

Похожие материалы