Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Полицей мен прокурордың қатысуымен болған төбелес: ПД видеоға қатысты түсініктеме берді

Полицей мен прокурордың қатысуымен болған төбелес: ПД видеоға қатысты түсініктеме берді

Қарағанды. 22 шілде. 7kun.kz – Қарағанды облыстық ПД мен прокуратурасы Қарағанды криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары мен прокурордың қатысуымен болған жанжалға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Әлеуметтік желілерде ер адамдар арасындағы қақтығыстың видеосы тараған еді. Онда криминалдық полиция бастығының орынбасары Ермек Тобылбаевты ерегесіп жатқан азаматтардан шеткері тұрып, қақтығысты бақылап тұрғаны байқалады. Олар бір-біріне қол көтеріп, төбелесе кетеді.

Қарағанды облысының полиция департаментінде бұл видеода қылмыстық полиция бастығының орынбасары болғанын растады.

«Жанжалға облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары қатысады. 4 шілде күні қылмыстық полиция басқармасының бақылауындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс фигурантынан ҚПБ бастығы орынбасарының ұялы телефонына даулы мүлікке байланысты жанжал пайда болғаны туралы қоңырау келіп түскен. Заңсыз әрекеттерді болдырмау және мән-жайларды анықтау мақсатында ол оқиға орнына барып, сол жерде патрульдік полиция полкінің нарядын шақырды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Тараптардың жанжалдасуына автокөлік себеп болған. Оқиға орнына полицияның қосымша күші шақырылып, барлығы қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде бұл бейнеде прокуратура қызметкері Алексей Бондарев те болғаны айтылады. Алайда Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі Алексей Бондарев өткен жылдан бері прокуратура қызметкері емес екенін хабарлады.

«Қарағанды облысының прокуратурасы А.Е. Бондаревтің 2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап прокуратура органдарының қызметкері болып табылмайтынын хабарлайды», - деп хабарлады прокуратурада.

Похожие материалы