Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Апаттың орын алуының себептерін анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің ресми сайты.
«Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық және авто-техникалық сараптамалар белгіленді. Олардың қорытындылары бойынша аталмыш оқиғаның мән-жайы анықталатын болады», – деп мәлімдеді елордалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.
Оның айтуынша, сараптама нәтижесін шығару 30 тәулікке дейін созылуы мүмкін.
«Оның қорытындыларын міндетті түрде хабарлайтын боламыз», – деді ол.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы Ұлы дала мен Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында үш автобус және жеңіл көліктердің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. 2 адам қаза тапты.