Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Полицейлерді аттестаттаудан өткізу мерзімі өзгерді

Полицейлерді аттестаттаудан өткізу мерзімі өзгерді

Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz – Полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу мерзімі өзгертілді. Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізу туралы» № 879 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2019 жылғы 1 қазаннан 2020 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін, сондай - ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын», - делінген құжат мәтінінде.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, бұған дейін полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін өткізу жоспарланған болатын.

Похожие материалы