Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Полиция әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғады

Полиция әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғады

Алматы облысы. 30 қыркүйек. 7kun.kz – Полиция әлеуметтік желіде әнші Төреғали Төреәлінің гидті ұрып-соққаны туралы тараған видеодан кейін қылмыстық іс қозғады, деп хабрлайды 7kun.kz.

Алматы облысының полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 28 қыркүйекте «Көлсай көлдері» ұлттық саябағының аумағында болған.

«Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелді. Қазақстан заңнамасына сәйкес барлық қажетті сараптама жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайы анықталады», – деді ПД-да.

Қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижесін Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алды.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде тараған видеода қабағы жарылған жігіттің қасынан бір топ адамды көруге болады. Олар Төреғали Төрәлінің жас жігітке қол көтергенін куәгер ретінде бірауыздан растайтыны айтады.

https://www.youtube.com/watch?v=gZdcsSL1Rqc

Похожие материалы